STEPPENEWS.KZ: Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 Miami Open жарысының ширек финалына сенімді түрде өтті.
1/8 финалда қазақстандық теннисші әлем рейтингінде 68-орында тұрған австралиялық Талия Гибсон спортшыны 6:2, 6:2 есебімен оңай жеңді. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды. Бұл олардың алғашқы кездесуі болды.
Келесі кезеңде Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін әлемнің бесінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Индиан-Уэллсте өткен Indian Wells Masters жарысында ол финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Арина Соболенкоге үш сетте жол берген еді.

