STEPPENEWS.KZ: Көкшетауда Наурыз мерекесі кезінде 2000 адам бір мезетте қара жорға билеп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Жаппай би Абылай хан алаңында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Қара жорға биіне әртүрлі жастағы ер азаматтар — балалардан бастап ақсақалдарға дейін қатысты.

Қатысушылар бұл шара ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігінің жарқын көрінісі болғанын атап өтті.
22 наурыз күні рекорд ресми түрде тіркеліп, арнайы сертификат Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа табысталды.

