STEPPENEWS.KZ: Шахтинск қаласында түн ортасында тұрмыстық газ баллоны жарылып, соңы өртке ұласты. Төтенше жағдай салдарынан сегіз адам дене жарақатын алды, олардың ішінде бес полиция қызметкері бар.
Оқиға 23 наурызға қараған түні болған. Жарылыстан кейін тұтанған тілсіз жау тез арада 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен тәртіп сақшылары тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялап, олар үшін арнайы жылыну пунктін ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта өрт толықтай ауыздықталды. Мамандар жарылыстың нақты себептерін анықтау үстінде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

