STEPPENEWS.KZ: Алматылық «Қайрат» футбол клубы әлемдегі ең үздік 500 команданың тізіміне кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Opta суперкомпьютері жариялаған футбол клубтарының жаңартылған әлемдік рейтингінде алматылық ұжым айтарлықтай табысқа жетті. «Қайрат» өз позициясын 24 сатыға жоғарылатып, 486-орынға тұрақтады. Осы жетістігінің арқасында алматылық клуб Қазақстан командалары арасында үздік 500-ге енген жалғыз ұжым болып танылды.
Opta рейтингіне сәйкес, басқа Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) клубтары келесідей орындарға ие болды:
-
«Қайрат» – 486 (+24)
-
«Астана» – 591 (-16)
-
«Тобыл» – 877 (-34)
-
«Ақтөбе» – 963 (-22)
-
«Елімай» – 1032 (-31)
-
«Ордабасы» – 1141 (+108)
-
«Жеңіс» – 1500 (-109)
-
«Оқжетпес» – 1629 (+198)
-
«Қызылжар» – 1687 (-81)
-
«Қайсар» – 1838 (+60)
-
«Каспий» – 1912 (-162)
-
«Атырау» – 1939 (+45)
-
«Ертіс» – 1957 (-7)
-
«Алтай» – 2087 (+82)
-
«Ұлытау» – 2323 (+130)
-
«Жетісу» – 2382 (+98)
Бұған қоса, әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб енді: «Астана» (591-орын), «Тобыл» (877-орын) және «Ақтөбе» (963-орын).

