STEPPENEWS.KZ: Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу амалдары кезінде Санжар Боқаев ұсталды. Ол жалған ақпарат тарату және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында саябақтардағы ағаштарды заңсыз кесу мен нысандардағы ұрлық туралы бейнематериалдар жариялады деп күдіктелуде.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Санжар Боқаев бұл қылмыстарды өзі ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол табысы аз адамдарды сыйақы беріп, ағаш кесу мен ұрлық жасауға тартқан.
Сонымен қатар ол алаяқтық жолымен аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Қазіргі уақытта Боқаев ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарына сәйкес ұсталды.

