STEPPENEWS.KZ: Kazakh Tourism ұлттық компаниясы еліміздегі ауылдық жерлердің экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында арнайы жобаны іске қосты. Байқауға қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.
Жоба тұрақты туризмді дамытуға, мәдени мұра мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған. Шарт бойынша облыс әкімдіктері әр өңірден үш ауылға дейін үміткер ұсына алады, ал қатысушыларды туризм саласындағы тәуелсіз сарапшылар кеңесі бағалайды.
Айта кетейік, өткен жылы бұл тізімге Лепсі, Нағи Ілиясов, Хан Ордасы, Поперечное және Шабанбай би ауылдары енген еді. Биылғы жеңімпаздар да осы қатардан көрініп, өңірлік туризмнің драйверіне айналмақ.

