STEPPENEWS.KZ: Еліміздің қалалық және аудандық комиссиялары 17 наурыздан бастап өз жұмысына кірісті. Маусым айының соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр.
Борышын өтеуге аттанатындардың 11 мыңнан астамы Қарулы Күштерге, 7 мыңнан астамы Ұлттық ұланға жіберіледі. Сонымен қатар 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуығы Төтенше жағдайлар министрлігіне және 300 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне қабылданады.
Әскерге шақыру туралы повесткалар азаматтарға SMS хабарлама және eGov порталы арқылы жіберіледі. Мұндай хабарламалар ресми құжат болып есептеледі.

