STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда дербес деректерді қорғау күшейтілмек. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Осы мақсатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Қылмыстық кодекс және киберқауіпсіздікке қатысты заңдарға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Жаңа шаралар аясында деректерді қорғау технологиялары енгізіліп, мемлекеттік базалардан мәліметтерді жүктеуге шектеу қойылады. Сонымен қатар, дербес деректер операторларының арнайы тізілімдері құрылмақ.
Бұдан бөлек, компаниялар деректердің таралуы туралы міндетті түрде хабарлауға тиіс болады. Ал жаппай деректердің таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, айыппұл көлемі 5000 АЕК-ке дейін ұлғаюы мүмкін.

