STEPPENEWS.KZ: Ақмола облысында полиция арнайы операция жүргізіп, синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын зертхананы анықтады. Құқық қорғау органдары 53 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлын ұстады. Тергеу мәліметінше, әкесі ұлын осы заңсыз іске тартып, есірткі дайындауды өзі үйреткен.
Тінту барысында шамамен 200 келі «мефедрон», 2 тоннадан астам прекурсорлар, сондай-ақ реакторлар мен колбалар тәркіленді. Мамандардың бағалауынша, бұл көлем шамамен 600 мың дозаға тең.
Есірткінің «қара нарықтағы» құны 10 миллион доллардан (5 млрд теңгеден астам) асады. Сонымен қатар, заттардың бір бөлігі еліміздің басқа өңірлеріне жіберілгені анықталды.
Өңірде полиция арнайы операция жүргізіп, синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын зертхананы анықтады.

