STEPPENEWS.KZ: АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 16 наурызға қараған түні 98-ші Academy Awards марапаттау рәсімі өтті. Кештің жүргізушісі тағы да Конан О’Брайен болды.
Биылғы салтанаттың басты жеңімпазы Пол Томас Андерсон түсірген Битва за битвой фильмі атанды. Картина бірнеше жүлдеге ие болып, соның ішінде «Үздік фильм» марапатын жеңіп алды. Режиссердің өзі де «Үздік режиссура» және «Бейімделген үздік сценарий» номинацияларында марапатталды. Сонымен қатар фильм «Үздік монтаж» және «Үздік кастинг» аталымдарын жеңіп алды. Ал Шон Пенн «Екінші пландағы үздік ер актер» сыйлығын иеленді.

Төрт марапат Грешники фильміне бұйырды. Майкл Б. Джордан «Үздік ер актер» атанса, Райан Куглер «Үздік түпнұсқа сценарий» жүлдесін алды. Отем Дюральд Аркапау «Үздік операторлық жұмыс», ал Людвиг Горанссон «Үздік музыкалық сүйемелдеу» номинациясында жеңіске жетті.

«Үздік актриса» атағы Джесси Бакли ойнаған Гамнет фильміне берілді. Ал Эми Мэдиган Орудия фильміндегі рөлі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» атанды.
Франкенштейн фильмі үш жүлдеге ие болды: костюм дизайны, декорация және грим.
Үздік анимациялық фильм ретінде Кей-поп-охотницы на демонов танылды. Бұл картина «Golden» әні үшін де марапат алды.
«Үздік визуалды эффектілер» жүлдесі Avatar: Fire and Ash фильміне, ал «Үздік дыбыс» марапаты F1 картинасына берілді.
«Үздік халықаралық фильм» номинациясында Норвегияның Sentimental Value туындысы жеңіске жетті. Деректі фильмдер арасында Mr. Nobody Against Putin үздік деп танылды, ал қысқаметражды деректі фильмдер санатында All the Empty Rooms жеңімпаз атанды.
Кештің есте қалған сәттерінің бірі – Bridesmaids фильмінің актерлері қайта қауышқан көрініс болды. Сонымен қатар сахнаға Роберт Дауни-младший мен Крис Эванс шықты. Рәсім барысында соңғы бір жылда өмірден өткен кино қайраткерлері де еске алынды.

