STEPPENEWS.KZ: 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға 114 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері бұл төлемдерді 876,8 мың адам алған.
Оның ішінде:
-
629 мың көпбалалы отбасыға – 99,4 млрд теңге,
-
247,8 мың марапатталған анаға – 14,6 млрд теңге берілді.
Тек ақпан айында жәрдемақыны 878,4 мың адам алып, оларға 57,5 млрд теңге төленген.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы табыс деңгейіне қарамастан, төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға тағайындалады.
2026 жылы төлем мөлшері:
-
4 балаға – 69 330 теңге,
-
7 балаға – 121 360 теңге,
-
8 және одан көп балаға – әр балаға 17 300 теңгеден төленеді.
Ал «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері ай сайын тиісінше 32 005 теңге және 27 680 теңге алады.
Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық жәрдемақы 10 пайызға арттырылды.

