STEPPENEWS.KZ: 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралады.
Оларға заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.
Соттың хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі де растады.
— Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдады, — делінген хабарламада.

