STEPPENEWS.KZ: Дубайда жұмыс істейтін банкирлер Таяу Шығыстағы соғыс қаупінің күшеюіне байланысты азық-түлік пен қажетті тауарларды қор етіп жинай бастады.
Бұл туралы The Banker басылымы эмиратта жұмыс істейтін қаржы саласының мамандарына сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке қарағанда, Дубайдағы банктер мен қаржы компанияларының қызметкерлері өңірдегі жағдайдың ушығуы мүмкін деген қауіппен алдын ала дайындала бастаған. Кейбір шетелдік мамандар елден кетуді жөн көрген. Ал елде қалатындары азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажет заттарды сатып алып, қор жинап жатыр.
Ұлыбританиялық бір топ-менеджердің айтуынша, қазіргі жағдай «өте алаңдатарлық» көрінеді және көптеген адамдар қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен әзірге қаржы саласы қызметкерлерінің жаппай елден кетуі байқалмайды.

