STEPPENEWS.KZ: Әлеуметтік желілерде Иран аумағында пайда болған «қышқыл бұлттар» Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат тарады. Хабарламаларда мұнай инфрақұрылымына жасалған соққылардан кейін мұнай өңдеу зауыттарында өрт шығып, улы түтін Қазақстан, Өзбекстан және Қытай бағытына қарай жылжып жатыр делінген.
Алайда Қазгидромет бұл мәліметті жоққа шығарды. Мамандардың айтуынша, жүргізілген мониторинг нәтижесінде ластаушы заттардың Қазақстан аумағына қарай таралып жатқаны анықталмаған.
Сарапшылар қышқыл жауын-шашын әдетте зиянды шығарындылардың көзіне жақын аймақтарда пайда болатынын түсіндірді. Ал ауа ағындарымен алыс қашықтыққа тараған кезде олардың концентрациясы айтарлықтай төмендейді.

