STEPPENEWS.KZ: Ирандағы Сарапшылар кеңесі елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып Моджтаба Хаменеи — қаза тапқан аятолла Әли Хаменейдің ұлы тағайындалғанын растады.
Кеңес оның мемлекеттегі ең жоғары лауазымға тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
«Бүгінгі отырыста бірауыздан қабылданған шешімге сәйкес аятолла Сейед Моджтаба Хаменеи Иран Ислам Республикасының үшінші Жоғарғы көшбасшысы ретінде ұсынылды», — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы жаңа көшбасшыға адалдық антын беріп, оның барлық нұсқауларын орындауға дайын екенін мәлімдеді.
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бұл шешім АҚШ тарапынан шабуыл жасау қаупі айтылғанына қарамастан қабылданғанын атап өтті.

