STEPPENEWS.KZ: Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы оқуынан Қазақстанға оралды. Анасы Мөлдір Мұқан әуежайдағы әсерлі сәттерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті.
Мөлдір Мұқан қызының аман-есен оралғанына шын жүректен қуанып, өзінің уайымы мен тілегін жеткізді.
«Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Адемогым аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!» — деп жазды ол парақшасында.
Бұл оқиға желі қолданушыларының да қызу қолдауына ие болды. Оқырмандар әуежайдағы кездесуге сүйсініп, пікірлер қалдырды. Сондай-ақ, көптеген қолданушылар әкенің де қатысуын күтіп, Тұрсынбек Қабатовтың желідегі парақшасын бірден тексергендерін жасырмады.
https://www.instagram.com/p/DViyxJqjJxy/?igsh=ZXJjYnRlaXlocnI5

