STEPPENEWS.KZ: 2026 жылғы 25 ақпанда Алматы облысы Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Бұл туралы Egovpress ақпараттық порталы өзінің телеграм каналында хабарлады.
Оқиға кезінде қатысушылардың бірі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының кабинетінен қашып кетіп, кейін мектепке пышақпен қайта оралған. Ол өзге оқушыларға қарумен қоқан-лоқы көрсеткенімен, полиция қызметкерлері келгенше мектеп қызметкерлері тарапынан ұсталып, залалсыздандырылды.
Egovpress ақпараттық порталының мәліметінше, аталған дерек бойынша қалалық прокуратура тиісті ұсыныс енгізіп, кешенді шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын толық анықтап, білім беру мекемесіндегі қауіпсіздік мәселесін тексеріп жатыр.

