STEPPENEWS.KZ: Әлемдік жұлдыз Энрике Иглесиас қыркүйек айының басында еліміздің екі ірі қаласында ауқымды шоу бағдарламасын ұсынады. Атап айтқанда, 3 қыркүйекте елордадағы «Астана Аренада», ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді.
Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін билеттердің эксклюзивті алдын ала сатылымы ертең, 7 наурызда сағат 12:00-де басталып, 9 наурызға дейін жалғасады. Орындар мен секторларға байланысты бағалар 45 мың теңгеден басталады.
Сұраныстың жоғары болуына байланысты сауда-саттық электронды кезек жүйесі арқылы жүргізілмек. Сатып алушылар алдымен концертке бару құқығын растайтын ваучер алады, ал электронды билеттердің өзі іс-шараға үш күн қалғанда таратылады. Айта кетерлігі, сатылған билеттерді қайтару мүмкін емес.

