STEPPENEWS.KZ: Бас прокуратура мереке алдында алаяқтық әрекеттердің көбейгенін ескертті. Алаяқтар адамдарға қоңырау шалып немесе хабарлама жіберіп, «сізге гүл не сыйлық жеткізіледі» деп айтып, «растау үшін» SMS-кодты сұрауы мүмкін.
Сонымен қатар олар түрлі сыйлық, бонус немесе акция уәде етіп, өздерін банк қызметкері не курьерлік қызмет өкілі ретінде таныстыруы ықтимал. Әлеуметтік желілерде де гүл мен сыйлықтарды арзан бағамен ұсынатын жалған дүкендер пайда болады. Мұндай жағдайда алдын ала төлем жасалғаннан кейін олар із-түзсіз жоғалады.
Мамандар ешкімге SMS-кодты және банк деректерін айтпауға, интернет-дүкендерді мұқият тексеруге кеңес береді. Күмәнді қоңыраулар болса, бірден банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласқан дұрыс.

