STEPPENEWS.KZ: Қазақстандық жүргізушілер үшін маңызды жаңалық: енді көліктің техникалық төлқұжатын ауыстыру үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Бұл қызмет толықтай цифрландырылып, «Kaspi.kz» суперқосымшасында қолжетімді болды.
Жаңа сервисті «Kaspi.kz» командасы, ҚР ІІМ-нің ақпараттық-өндірістік орталығы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп іске қосты. Енді техпаспортты небәрі 1 сағаттың ішінде смартфон арқылы жаңартуға болады.
Михаил Ломтадзе: «Біз күнделікті мәселелерді шешуге көмектесеміз»
Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе жаңа сервистің маңыздылығын атап өтті:
«Біз автокөлік иелеріне арналған сервистеріміз туралы көптеген жақсы пікірлер алып жатырмыз. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен автокөлікті қайта тіркеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті кепілге қоюға немесе кепілден шығаруға болады. Ал енді тікелей смартфон экранында техпаспортты ауыстыру қызметі де қолжетімді болды. Біз адамдарға күнделікті мәселелерін тез әрі оңай шешуге көмектесетін сервистер жасауға қуаныштымыз. Мемлекеттік органдарға ынтымақтастық үшін, ал әрбір сүйікті клиентімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!»
Мемлекет пен бизнестің тиімді серіктестігі
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин бұл қадамның мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етудегі маңызына тоқталды:
«Танымал қызметтерді онлайн форматқа көшіру – бұл мемлекеттік сервистерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы және қолжетімді ету бағытындағы жүйелі жұмыс. Kaspi.kz-те техпаспортты ауыстыру қызметінің іске қосылуы – мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы қызмет алу уақытын қысқартуға және адамдарды ХҚКО-ларға артық барудан босатуға мүмкіндік беретінінің мысалы. Біздің міндетіміз – сұранысқа ие сервистердің көпшілігі бірнеше рет басу арқылы қолжетімді болуын қамтамасыз ету».
Қалай пайдалануға болады?
Техпаспортты онлайн ауыстыру процесі барынша қарапайым етіп жасалған. Толық нұсқаулықпен және қызметтің егжей-тегжейімен қосымшадағы «Kaspi Гид» бөлімінен танысуға болады.

