STEPPENEWS.KZ: Жеке стоматологиялық клиникалар желісінің директорына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп болды. Тергеу мәліметінше, ол жалған медициналық қызметтерді тіркеу арқылы мемлекет қаржысын заңсыз алған болуы мүмкін.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 450 млн теңгеден астам сомаға медициналық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасаған. Алайда тексеру барысында клиника «Дамумед» жүйесіне шын мәнінде көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер жөнінде жалған мәлімет енгізгені анықталған.
Жалпы саны 4597 жалған жазба тіркелген. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 66 млн теңгені құрайды.
Соттың шешімімен күдіктінің 23 млн теңге көлеміндегі банктік шоттары мен құны 29 млн теңге болатын стоматологиялық жабдықтарына тыйым салынды. Тергеу барысында ол келтірілген шығынның 11 млн теңгесін қайтарып үлгерген. Қазір күдікті үйқамақта отыр.

