STEPPENEWS.KZ: Наурыз айының 3-нен 4-не қараған түні «Air Astana» әуе компаниясы Сауд Арабиясынан төрт репатриациялық рейсті сәтті орындады. Медина мен Жидда қалаларынан ұшып шыққан ұшақтар Атырау және Ақтау қалаларына қонды. Қазіргі уақытта жолаушыларды еліміздің өзге өңірлеріне жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр.
Атыраудан Алматыға екі рейс, ал Астанаға бір рейс қатынап үлгерді. Бұдан бөлек, 4 наурызда Жиддадан Ақтау мен Атырауға тағы екі қосымша рейс жоспарланған. Ақтауға бағытталған ұшақ сағат 18:00-де ұшып, келесі күні таңғы 06:05-те Алматыға жетеді. Ал Атырау рейсі сағат 20:45-те шығып, жолаушыларды Алматыға 5 наурыз күні сағат 09:55-те жеткізеді деп күтілуде.

