STEPPENEWS.KZ: Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасының алғашқы кезеңі осы жылдың көктемінде жұмысын бастайтынын мәлімдеді. Жобаның басты нысандарының бірі — Бірыңғай диспетчерлік орталық дайын болып, қаланың көлік жүйесін басқарудың негізгі нүктесіне айналмақ.
Бұл орталық LRT пойыздарының қозғалысын тікелей бақылап, қала жолдарындағы көлік легін үйлестіретін стратегиялық хаб қызметін атқарады. Орталық мамандары пойыз қауіпсіздігінен бастап, жолаушылар тасымалының үздіксіздігіне дейінгі барлық процесті цифрлық форматта қадағалайды.

Сонымен қатар диспетчерлік орталықта интеллектуалды көлік жүйесінің бағдаршамдары басқарылып, қоғамдық көліктер мен велосипед жалдау пункттерінің жұмысына мониторинг жүргізіледі. Мұнда қала ішіндегі қозғалыс туралы барлық мәліметтер жинақталып, сараптама жасалады, бұл болашақта елорда кептелісін азайтуға және жол инфрақұрылымын оңтайландыруға септігін тигізеді.

