STEPPENEWS.KZ: Air Astana Таяу Шығыс елдеріне орындалатын тұрақты рейстерін уақытша тоқтатады. Шектеу 6 наурызды қоса алғанға дейін күшінде болады. Сондай-ақ 13 наурызға дейін бұл бағыттарға билет сату тоқтатылды.
Сонымен бірге әуе компаниясы жолаушыларды елге қайтару мақсатында 3 наурыз күні Батыс Қазақстаннан төрт арнайы рейс орындауды жоспарлап отыр:
-
Мединаға екі рейс,
-
Жиддаға екі рейс.
Ұшу Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсат алынған жағдайда жүзеге асырылады.
Компания жағдайды жіті бақылап отырғанын және өзгерістер болса, жолаушыларға дер кезінде хабарлайтынын мәлімдеді.

