STEPPENEWS.KZ: Отандық Kaspi.kz банкі Таяу Шығыста жүрген клиенттеріне қаржылай қолдау көрсетеді. Компания Kaspi Travel сервисі арқылы «бару-қайту» турпакет немесе әуе билетін сатып алып, қазір Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол аймақ арқылы транзитпен өткен клиенттерге арналған материалдық көмек бағдарламасын іске қосты.
Өңірде мәжбүрлі түрде қалып қойған кезеңде Kaspi.kz күн сайын Kaspi Gold картасына төмендегідей төлем аударады:
• әрбір ересек адамға – тәулігіне 35 000 теңге;
• әрбір балаға – тәулігіне 15 000 теңге.
Компания өкілдерінің айтуынша, олар клиенттермен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау шараларын жүзеге асырып жатыр. Азаматтарға қауіпсіз жерде болу, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланыс орнату және ресми ұсынымдарды қатаң сақтау ұсынылады.

