STEPPENEWS.KZ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл іс-қимыл жоспарын әзірлеуді жүктеді. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке және күштік құрылымдар мен министрлік жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі уақытта барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшіріліп, Сыртқы істер министрлігі жанынан арнайы мониторинг тобы құрылды. Бұл топ Таяу Шығыстағы оқиғалардың Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне тигізер әсерін жіті бақылауда ұстайды.
Сонымен қатар өңір әкімдеріне аймақтағы ахуалды ескере отырып, жедел шешімдер қабылдау міндеттелді. Бұл қадамдар елдегі тыныштықты сақтау және сыртқы қатерлердің алдын алу мақсатында жасалып отыр.

