STEPPENEWS.KZ: Иранда елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи 86 жасында қайтыс болғаны ресми түрде расталды. Fars агенттігінің хабарлауынша, «Әли Хаменеи Хусейн секілді шейіт болды» деп мәлімделген.
Оның қазасына байланысты елде 40 күндік жалпыұлттық аза жарияланып, бүкіл мемлекет бойынша жеті күн демалыс күні болып белгіленді.
Сол шабуыл кезінде аятолланың төрт туысы — қызы, күйеу баласы, немересі және келіндерінің бірі де қаза тапқаны айтылды.
Бұған дейін көшбасшының дүниеден өткенін Reuters агенттігі хабарлаған, кейін бұл ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп растаған. Ал Иран тарапы бастапқыда бұл мәліметті жоққа шығарған еді.

