STEPPENEWS.KZ: Дәрігерлердің болжамынша, Щучинск қаласындағы өрттен зардап шеккендердің сауығуы бір айдан да көп уақыт алуы ықтимал.
Қазіргі таңда бес науқас Астанада ем қабылдап жатыр. Олардың екеуінің жағдайы ауыр: бірінде жоғарғы тыныс жолдары күйген, екіншісінің денесінің шамамен 35 пайызы күйік шалған. Барлығы да ауруханаға жарақаттан кейінгі ауыр халде жеткізілген.
Зардап шеккендердің бір бөлігі Көкшетауда емін жалғастырып жатыр. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Ержан Әділбеков мәлімдеді.
Ауруханаға жатқызылғандардың арасында:
• 1990 жылы туған ер адам және 1989 жылы туған жұбайы;
• 1977 жылы туған ер адам;
• 1988 жылы туған ер адам;
• 2006 жылы туған қыз бала бар.

