STEPPENEWS.KZ: Қазақстан ІІМ Атырау облысында ерлі-зайыптылардың қазасына қатысты күдіктіні ұстау сәтінің бейнежазбасын жариялады
Күдікті Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылынан табылып, ұсталды. Операция шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізілген. Онымен бірге марқұмдардың қызы, яғни оның бұрынғы жұбайы да анықталды. Ол ата-анасын өлтіруге қатысы бар күдікті ретінде танылды.

Еске салайық, отбасы 2025 жылдың күзінде із-түзсіз жоғалған. 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, бір айдан астам уақыт бойы ағасымен және оның отбасымен байланысқа шыға алмай отырғанын хабарлаған. Алғашында ерлі-зайыптылар екі ересек баласымен бірге елдің оңтүстігіне кетуі мүмкін деген болжам айтылған.
6 қаңтарда ер мен әйелдің мәйіттері табылды. ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов марқұмдардың қызы мен оның бұрынғы жұбайын Қазақстанға қайтару мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген еді.
Қаза болғандардың екі баласы – Мирамгүл мен Наурыз әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Олардың қайда екені белгісіз. Өңірде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

