STEPPENEWS.KZ: Қазақстан кәсіби бокс федерациясы спортшының ағзасынан тыйым салынған заттың қалай табылғанын түсіндірді. Тексеріс нәтижесінде мельдонийдің боксшыға медициналық емделу кезінде байқаусызда берілгені анықталды.
Оқиға былтыр мамыр айында басталған. Астанадағы жекпе-жегінен кейін Жәнібектің денсаулығы күрт нашарлап, басы қатты ауырып, жүрегі айнып, құса берген соң ауруханаға шұғыл жүгінген. Дәрігерлер оның жағдайын көріп, «Репронат» препаратын вена арқылы жіберуді ұйғарған. Ол кезде ешкім бұл дәрінің құрамында спортшылар үшін «оттай басылатын» мельдоний барын білмеген.
Тәртіптік комиссия 5 сәуірдегі жекпе-жектен кейінгі барлық хронологияны зерттеп, препараттың медициналық мекемеде шұғыл ем қабылдау кезінде берілгенін растады.
Федерация өкілдері Жәнібек Әлімханұлының тыйым салынған затты әдейі қолданбағанын, сол уақытта оқу-жаттығу жиынында болмағанын және алдағы жекпе-жектің нақты күні бекітілмегенін ерекше атап өтті.

