STEPPENEWS.KZ: Түркістан облысында 15 жастағы мектеп оқушысын зорлап, аяғын ауырлатқан 71 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімімен ол алдағы 15 жыл 6 айын орташа қауіпсіздік колониясында өткізетін болды.
Бұл оқиға өткен жылы туысқандары жұмыспен кеткен кезде, көрші тұратын зейнеткердің үйге заңсыз басып кіруінен басталған. Атасы 15 жастағы жиенін үш күн бойы зорлап, жасөспірімнің жүкті екені тек жетінші айда ғана белгілі болған. Биыл ақпанда мектеп оқушысы босанып, содан кейін ғана туыстары полицияға арыз түсірген.
Сот барысында зейнеткер өз кінәсін мойындаудан бас тартқанымен, судья Дәурен Мәдалиевтің айтуынша, оның уәждері жәбірленушінің көрсетпелері мен бірнеше сот сараптамасының қорытындысы арқылы толық теріске шығарылды. Нәтижесінде ол «Жасөспірімді зорлау» және «Тұрғын үйге заңсыз басып кіру» баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Бұл жантүршігерлік жағдайдан кейін ауыл тұрғындары наразылық танытып, сотталушының отбасын көшіруді талап еткен еді. Қазіргі таңда қиын жағдайды бастан өткерген жасөспірім сәбиімен бірге Астана қаласында тұрып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің жеке бақылауында болды.

