STEPPENEWS.KZ: Медеу ауданына қарасты Алматы тауларында төрт адам Титов асуына көтерілген. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3400 метр биіктікте олардың екеуін қар көшкіні басып қалған.
Зардап шеккендердің бірі қар астынан өз күшімен шыға алған. Екіншісін іздеу жұмыстырына УСП-23 құтқарушылары, «Барыс» жедел-құтқару жасағының мамандары, кинологтар мен еріктілер жұмылдырылып, іздестіру жұмыстарына дрон да тартылды.
Өкінішке қарай, құтқарушылар қар астында қалған екіншші адамның мәйітін ғана алып шықты.

