STEPPENEWS.KZ: Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындары әлемдік екі аңыз Геннадий Головкин мен Джеки Чанның күтпеген кездесуімен есте қалды. Қазақ боксының серкесі мен Голливуд жұлдызы Милан төрінде бас қосып, мәдениет пен спорттың алтын көпіріне айналды.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тізгінін ұстаған Геннадий Головкин әлемдік кино жұлдызына құрмет көрсетіп, иығына ұлттық шапан жауып, басына тақия кигізді. «Қазақ стилінің» негізін салушы бұл сәтті «Біздің дәуірдің аңызымен жүздесу» деп бағалап, миллиондаған жанкүйерін қуантты. Бұл сурет әлеуметтік желіде лезде тарап, қазақы қонақжайлылықтың әлемдік брендін тағы бір мәрте паш етті.
Айта кетерлігі, Джеки Чанның Қазақстанға деген ықыласы мұнымен шектелмейді. Ол бұған дейін Олимпиаданың гала-концертінде өнер көрсеткен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың талантына тәнті болған еді. Кино майталманы спортшымызды құшақ жая қарсы алып, оның мұздағы шеберлігін жоғары бағалады.

Қазіргі таңда World Boxing ұйымын да басқарып отырған Головкиннің бұл қадамдары тек жеке кездесу емес, еліміздің спорттық беделін нығайтуға бағытталған «жұмсақ күш» дипломатиясының көрінісі. Екі түрлі саланың майталмандары Италия төрінде Қазақстанның атын тағы бір мәрте асқақтатты.

