STEPPENEWS.KZ: Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған зат табылып, ол бір жылға жекпе-жектен шеттетілетін болды.
Жүргізілген дисциплинарлық тексеріс нәтижесінде «Қазақ стилінің» допинг-сынамасынан мельдоний препараты анықталды. Осыған байланысты құзырлы органдар боксшыны 12 айға спорттық іс-шаралардан шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл тыйым тек ресми кәсіпқой кездесулерге ғана емес, сонымен қатар жанкүйерлер алдындағы көрмелік (выставочный) поединкаларға да қатысты.
Титул тағдыры не болмақ?
Жанкүйерлер үшін басты жаңалық — World Boxing Organization (WBO) ұйымы қазақстандық боксшыға қатысты жұмсақ шешім шығарды. Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырағанына қарамастан, өзіне тиесілі әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Демек, ол рингке оралғанда чемпион ретінде оралады.
Боксшының мәжбүрлі үзілісі 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады. Оған дейін Жәнібекке жаттығу залында тер төгуден басқа амал жоқ. Халықаралық ұйымның талабы бойынша, спорттық мерзімі аяқталған соң, ол бірден міндетті қорғау жекпе-жегіне шығуы тиіс. Оның қарсыласы Бентли мен Сааведра арасындағы айқастың жеңімпазы болмақ.
Боксшының реакциясы қандай болды?
Орын алған жағдайға қарамастан, Жәнібек Әлімханұлы тексеріс қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Ол өзінің әлеуметтік желілерінде мәлімдеме жасап, бұл кезеңді мықтырақ болып оралу үшін пайдаланатынын және келесі жекпе-жекке дайындықты қазірден бастап ойластырып жатқанын айтты.

