STEPPENEWS.KZ: Бүгін «Visit Zhetysu» Туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Жетісу өңіріне ақпараттық тур басталды. Қатысушылар сағат 4:00-де Алматы қаласынан жолға шығып, таңғы уақытта Талдықорған қаласына жетті.
Ақпараттық турдың басты мақсаты – өңірдің туристік мүмкіндіктерін таныстыру, табиғи нысандар мен демалыс бағыттарын насихаттау.
Алдағы бағдарлама аясында қатысушылар Лепсі ауылына барып, Балқаш көлі айдынында балық аулауға шығады. Балқаш – еліміздегі ең ірі әрі бірегей көлдердің бірі, экологиялық және балық шаруашылығы туризмі үшін маңызды бағыт саналады.
Ақпараттық тур барысында Жетісу өңірінің табиғи байлығы, туристік инфрақұрылымы және демалыс әлеуеті жан-жақты таныстырылмақ.

