STEPPENEWS.KZ: Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті реформалау барысы туралы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, скринингтік бағдарламалар кеңейтіліп, диспансерлік бақылаумен қамту деңгейі 12 пайыздан 34 пайызға дейін артқан. Сонымен қатар жалпы практика дәрігерлерінің қабылдау уақыты күніне 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұзартылды.
Онкологиялық скрининг тегін медициналық қызметтер пакетіне енгізіліп, соның нәтижесінде бұрын сақтандырылмаған 300 мың азамат тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса, мейіргерлердің дербес қабылдауы енгізіліп, дәрігерге жазылу үдерісі жеңілдетілді.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі профилактика тиімділігіне қарай үстемақы беруді қарастырады. Учаскелік қызметтерді қаржыландыру көлемі шамамен екі есеге өсіп, тоқсанына 344 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін жеткен.
Соңғы бір жыл ішінде 13 мың қатерлі ісік дерегі және туберкулездің шамамен 2 мың ерте сатыдағы жағдайы анықталған.

