STEPPENEWS.KZ: Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаздың соққыға жығылуына байланысты бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар жазаланды. Ведомство таратқан мәлімдемеге сүйенсек, аталған келеңсіздікке жол берген басшылық құрам өкілдері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кейбірі жұмысынан біржола шеттетілген.
Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады:
«Төрт лауазымды басшы — әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды. Сондай-ақ, бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік сөгіс жарияланды».

