STEPPENEWS.KZ: Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ғимаратында 18 жастағы оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Оқиға сабақтан тыс уақытта болғаны хабарланды. Қазіргі таңда ол қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, алайда жасөспірім есін біледі. Денесінде бірнеше сынық бар екені анықталған.
Мектеп әкімшілігі оқиға болғанын растады және ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Болған жайттың мән-жайы анықталуда.

