STEPPENEWS.KZ: 14 ақпанда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде дәстүрлі Burabay Ice 2026 халықаралық қысқы жүгіру фестивалі жалауын көтереді. Биылғы жарыс күнтізбесіне енген бұл шараға Қазақстанмен қоса Франция, Жапония, Канада және Жаңа Зеландия сияқты 11 мемлекеттің өкілдері қатысады.

Мұз үстіндегі бәсекеге 1000-нан астам әуесқой мен кәсіби спортшы тіркеліп, 7, 14 және 21 шақырымдық қашықтықтар бойынша сынға түседі. «Экстремальная Атлетика» бірлестігі ұйымдастырған бұл марафон Бурабай көлінің тегіс бетінде өтіп, өңірдің туристік әлеуетін арттыруды көздейді.

