STEPPENEWS.KZ: Астана сотында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекованың туысына қатысты қозғалған ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша үкім шықты. Жәбірленуші өз туысы Бекзат Кемелованы 1 миллион долларға жуық қаражатты жымқырды деп айыптаған, деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ сайты Syrmedia.kz ақпараттық телеграм каналына сілтеме жасап.

Сот шешімімен Бекзат Кемелова кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленумен қатар 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен сотталушының кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі бір жылға шегеріліп, оған Нұрлыбекованың пайдасына 500 миллион теңге өтеу міндеттелді.

