STEPPENEWS.KZ: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026–2031 жылдарға арналған жаңа стратегия аясында алты жыл бойы жыл сайын бір миллиард долларға дейін қаржы бөлу мәселесін талқылауда. Бұл қаражат ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.
Бұған дейінгі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама аясында 4,2 миллиард доллардың 14 жобасы сәтті жүзеге асырылып, жолдар мен ирригация жүйелері жаңартылған болатын. Алдағы кезеңде басымдық теміржолдарды модернизациялауға, кіші бизнесті қолдауға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға беріледі.

