STEPPENEWS.KZ: Талдықорғанда интернет арқылы бопсалаумен айналысқан топқа сот үкімі шықты. Айыпталушылар орындығында 9 адам болды.
Прокуратураның мәліметінше, олар 2024 жылдың мамыр айынан 2025 жылдың наурызына дейін әлеуметтік желілерде адамдармен танысып, үйлеріне шақырған. Кейін жәбірленушілерді «зорлау жасады» деп полицияға арыз жазамыз деп қорқытып, мәселені «шешу» үшін ақша талап еткен. Әрқайсысының өз рөлі болған, жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсеткен.
Нәтижесінде топ мүшелерінің барлығы ұсталды. Сот оларды күш қолдана отырып, адамдар тобымен бірнеше рет бопсалау жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

