STEPPENEWS.KZ: Ақтаудың 8-шағынауданында түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Куәгерлердің бірі белгісіз адамдардың қызды күштеп көлікке отырғызғанын айтып, полицияға хабарлаған. Кадрларда оның айқайлап, көмек сұрағаны естіледі.
Алайда тексеріс нәтижесінде қылмыс фактісі расталмады. Полиция мәліметінше, бойжеткен кәмелет жасына толған. Ол бұған дейін Атыраудан Ақтауға кетіп, жұмысқа орналасқан және туыстарымен байланысын үзген.
Видео қыздың анасымен және туыстарымен бірге көлікке отырған сәтін көрсеткен. Оны үйіне алып кету үшін келгені анықталған.

