STEPPENEWS.KZ: 2025 жылы Алматыға 1,87 миллионға жуық турист келді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Қалаға келген туристердің 563 мыңнан астамы — шетел азаматтары, ал 1,3 миллионы — қазақстандықтар.
Өткен жылы туризм саласына шамамен 199 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы қаржы есебінен 941 нөмірлік 48 жаңа қонақүй, хостел және демалыс базасы пайдалануға берілді.
Туристер үшін «Алма-Арасан» термалды көзі жаңғыртылып, 10 жаңа туристік маршрут әзірленді. Сонымен қатар күн панельдерімен жабдықталған кемпингтер орнатылды. Қаланың 110 нысанын қамтитын аудиогид дайындалып, 27,5 мың ақпараттық буклет жарық көрді, сондай-ақ көрнекті орындардың 5 тактильді макеті жасалды.

