STEPPENEWS.KZ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық цифрлық сервистердің дамуына көңілі толмайтынын білдірді. Әсіресе, қазақстандық жасанды интеллект платформасы KazLLM-нің сұранысының төмендігі Мемлекет басшысының сынына ұшырады.
Президенттің айтуынша, азаматтар отандық өнімнен гөрі шетелдік ChatGPT сервисін жиі пайдаланады. Ол цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен мұндай жағдайдың себебін сұрады. Министр сервисте бірқатар техникалық және функционалдық кемшіліктер бар екенін мойындады.
Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда KazLLM-ді шамамен 600 мың адам қолданады. Бұл дегеніміз 2,93%-ы дегенді білдіреді. Ал ChatGPT пайдаланушылары Қазақстан халқының 13% асады, яғни 2 664 477 адам
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақстандық Aitu мессенджерінің танымалдығына да күмән келтірді. Министр оның 700 мыңнан астам қолданушысы бар екенін айтқанымен, Президент бұл мәліметтерді нақтылап тексеруді тапсырды.
Бұдан бөлек, Тоқаев ведомстволық ақпараттық жүйелерді QazTech платформасына біріктіру мәселесіне тоқталып, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермейтінін қадап айтты.
«Мұның бәрін кім ойлап тапса, сол өзі төлесін», – деді Президент.

