STEPPENEWS.KZ: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, алдағы уақытта отандық әуе компанияларының жолаушылары ұшу барысында интернетті пайдалана алады.
Министрдің сөзінше, елде цифрлық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұған дейін интернет барлық шекаралық өткізу пункттерінде іске қосылса, енді байланыс негізгі жолаушылар бағыттарында да қамтамасыз етілмек.
«Интернет негізгі жолаушылар тасымалы бағыттарында, соның ішінде отандық әуе тасымалдаушыларының бортында да қолжетімді болады», – деді Жаслан Мадиев.

