STEPPENEWS.KZ: Жамбыл облысында анасы екі кішкентай баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді Күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Қайғылы оқиғаға қарамастан, екі бала да тірі қалып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі — 2 жастағы ұл бала, екіншісі — 4 жастағы қыз бала. Дәрігерлер олардың ауыр жарақат алғанын анықтады: бас-ми жарақаты мен миының жедел ісінуі тіркелген. Сонымен қатар, қыз баланың сан сүйегі ығысуымен сынған, қазір ол шұғыл отаға дайындалып жатыр.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, «жан-жақты әрі объективті тергеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады».

