STEPPENEWS.KZ: Қонаев қаласында түнгі уақытта соққан қатты жел тұрғын үйлер мен инженерлік желілерге айтарлықтай зиян келтірді. Желдің ең жоғары екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен.
Әкімдік мәліметі бойынша бірқатар үйлердің шатырлары ұшып, жеңіл конструкциялар зақымданған. Инженерлік желілерде ақаулар пайда болып, кей аудандарда электр жарығы уақытша тоқтаған. Түнде құлаған ағаштар мен қираған элементтерді тазалау жұмыстары жүргізілді.
Қалада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, ал кейбір микроаймақтарда жарық жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Зардап шеккендер жоқ.
Сонымен бірге, 1–11-сынып оқушылары уақытша қашықтан оқуға көшірілді.

