STEPPENEWS.KZ: Парламент 2026 жылдың соңына қарай балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне шектеу қоюды қарастыратын заң жобасын талқылауға кіріспек. Бұл бастама жаңадан тіркелетіндерге қатысты болады және пайдаланушыларды верификациялау тетіктерін қамтиды.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов бұрын ашылған балалар аккаунттары бұғатталмайтынын, тек жаңа талаптар енгізілетінін түсіндірді. Министрлік бұл ретте халықаралық тәжірибеге, соның ішінде Испания мен Францияның үлгілеріне сүйенуді жоспарлап отыр. Жаңа ережелердің нақты тетіктері алдағы уақытта әлемдік стандарттар негізінде әзірленетін болады.

