STEPPENEWS.KZ: Екі бойжеткен «Көк Жайлау» шатқалы маңында бағдардан жаңылысқан. Олар құтқару қызметіне хабарласып, маршруттан шығып кеткендерін айтқан және тұрған жерінің координаталарын жолдаған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көмекке «ҮАШ» бақылау-құтқару пунктінің экипажы дереу аттанды. Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар зардап шегушілермен визуалды байланыс орнатып, оларға жедел жетті.

